№ 15 облыстың квазимемлекеттік секторы мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу саласындағы жергілікті қамту үлесінің мониторингі бойынша комиссия отырысы өтті.

№ 15 облыстың квазимемлекеттік секторы мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу саласындағы жергілікті қамту үлесінің мониторингі бойынша комиссия отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында комиссияның төрағасы - облыс әкімінің орынбасары С. Ш.Бекбергенов, " Индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ басшысы И. Ш. Шархан, "Атамекен" ӨКП директоры А. Н. Даржанова, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Бас директорының орынбасары Фу Чжэньминь қатысуымен облыстың квазимемлекеттік секторы мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу саласындағы жергілікті қамту үлесінің мониторингі бойынша комиссияның жұмысы шеңберінде кезекті    № 15 отырысы өтті. Комиссия отырысында келесі мәселелер талқыланды:          1) отандық өндірушінің басымдығын көздейтін және covid-19 пандемиясы кезеңінде өңірде өндірушіні оқшаулауға Тапсырыс беруші үшін тиімділікті ескеретін тамақ өнімдерін жеткізуге арналған шартқа қол қою үшін өнім берушіні таңдау рәсімдері;                                                                                                  2) 2021 жылға арналған азық-түлік өнімдерін сатып алуды өткізу шеңберінде өңірдегі өндірушілер бағаларының деңгейіне сәйкестігі бөлігінде сатып алу бағаларын ұлғайту мүмкіндігін қарастыру, бұл өндірістердің дамуына ықпал ететін болады;                                                                                                                         3) тауар өндірушілерді ұзақ мерзімді қолдау жөніндегі келісімнің шеңберіне енгізу үшін тауар позицияларының номенклатурасын және жергілікті өндірушілерді кеңейту мүмкіндігін қарау.