Ақтөбе облысының тауар өндірушілерін қолдау бойынша келісімге қол қойылды.

Ақтөбе облысының тауар өндірушілерін қолдау бойынша келісімге қол қойылды.

"Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастыруымен  қазақстандық қамту үлесін арттыру және жергілікті өндірушілерді қолдау аясында Ақтөбе облысының әкімдігі, "Атамекен" ӨКП, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ арасында Ақтөбе облысының тауар өндірушілерін қолдау бойынша келісімге қол қойылды. Осы Келісім жергілікті өндірушілердің өнімдерін конкурстық рәсімдерсіз үш жылға жеткізу арқылы ынтымақтастыққа мүмкіндік береді. Сатып алу тізіміне сорғылар, арнайы киім, төсек жабдықтары, қағаз өнімдері, жуу және дезинфекциялау құралдары және т. б. тауарлар кірді.

Іс-шара форматы "СНПС-Ақтөбемұнайгаз"АҚ-ның сатып алатын тауарларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді.