Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз!

Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз!

Құрметті Ақтөбе облысының кәсіпкерлері!

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 2026 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:00-де ЖАО, бақылау-қадағалау органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлердің қатысуымен «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

«БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІН» жүргізудің мақсаты - бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Жүргізу формасы - есептің бірыңғай күні бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша кездесу форматында өткізіледі.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, кәсіпкерлерді осы кездесуге қатысуға шақырамыз.

Іс-шараның өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Аққағаз Досжанов атындағы конференц-Холл залында (Ақтөбе қаласы, Маресьева көшесі, 74 «А»).

Қызығушылық танытқан жағдайда, қатысушылар туралы ақпаратты (компанияның атауы, қатысушының аты-жөні және ұялы тел.) а.ж. 22 қыркүйегіне дейін orp2026@yandex.kz  электрондық мекен-жайына немесе 8 (7132) 410-444 (ішкі.111, 112,113) және +7 708 188 51 34 тел. нөмірі бойынша жолдау қажет.

Сонымен қатар, өткізу уақыты өзгерген жағдайда, қосымша хабарланатын болады.