
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р. Бисеновтың және Әдеп жөніндегі уәкіл Р. Омарованың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау ғана емес, қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге:
▪️ азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
▪️ іскерлік киім үлгісін сақтау;
▪️ мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
▪️ қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
▪️ көлік құралын мас күйінде басқармау;
▪️ әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
▪️ құмар ойындарға әуестенбеу талаптары ескертілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің берік негізі.