Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаевтың сапары барысында «Атамекен» ҰКП алаңында Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен өңірде инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан инвесторлар - итальяндық «Eni» компаниясы, «РОКОС-Агро» ЖШС және «Smart Tech» ЖШС арасында Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.

Итальяндық «Eni» компаниясы американдық «General Electric» компаниясымен бірлесіп, Қарғалы ауданы Бадамша ауылының маңында жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған жоба - жел электр станциясының құрылысын жүргізуде. Жел электр станциясы облысты жыл сайын шамамен 198 ГВт/с көлемінде электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады. Заманауи технологиялардың арқасында көмірқышқыл газының шығарылуын болдырмау жыл сайын кемінде 172 мың тоннаны құрайтын болады. Ағымдағы жылы құны - 33 млрд.теңге, қуаты - 48 МВт құрайтын жобаның 1-кезеңі пайдалануға берілді. Жылдың 3-тоқсанында инвестиция сомасы - 38 млрд. теңге, қуаты - 48 МВт болатын "Бадамша-2" жобасының 2-кезеңін жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды.

«РОКОС-Агро» ЖШС Қазақстанда ең ірі және біздің өңір үшін бірегей, қуаты - тірілей салмағы 30 мың тонна болатын бройлерлер өсіретін құс фабрикасын салу бойынша жобаны іске асыруда. Жоба заманауи жаңа жабдықтарды қолдану және қалдықтарды толық қайта өңдеу есебінен жоғары экологиялық болып табылады.

Жобаның құны 33 млрд.теңгені құрайды. Кәсіпорын 1000 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«Aktobe Smart Tech» ЖШС ақпараттық деректерді сақтау және өңдеу бойынша қызмет көрсететін өңірдегі алғашқы Деректерді өңдеу орталығының құрылысын жүргізуде. IT саласының дамуы цифрлық экономиканың жедел дамуы үшін жоғары ынталандыру береді. Бүгінде жобаның 1-ші кезеңі пайдалануға берілді, ағымдағы жылдың соңына дейін 2-ші кезең іске қосылады деп күтілуде. Жобаның құны 10,8 млрд.теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта елімізде бизнес пен Инвестицияларды қорғау бойынша «Protecting Business and Investments» жобасы табысты іске асырылуда, оның мақсаты инвестициялық қызмет және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу болып табылады.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында инвесторлар 40-тан астам келісімге қол қойды, оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен жасалған келісімдер де бар.