
Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Ризагүл Мырзағалиқызы Омарова қатысып, көтерілген мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, еңбек және атқарушылық тәртіпті нығайту, жұмыс уақыты регламентінің сақталуы, қызметтік әдеп талаптарын орындау, діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ «Заң және тәртіп» идеологиясы тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.