Ақтөбе облысы Президент тапсырмасын тиімді орындауда.

Ақтөбе облысы Президент тапсырмасын тиімді орындауда.

Ақтөбе облысы Президент тапсырмасын тиімді орындауда
Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Ақтөбе облысының 2020 жылдың тоғыз айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша тапсырмаларының жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде баяндады.
Өңірдегі пандемия мен шектеу шараларына қарамастан барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі қамтамасыз етілген.
Өнеркәсіп көлемі 100,1%, инвестиция – 108,8%, ауыл шаруашылығы – 104,1%, құрылыс – 116,4%, тұрғын үйлердің пайдалануға беруілуі - 103,6%.
Облыс экономикасына 410 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның 19,5%-ын шетелдік инвестициялар құрады.
«1 200 жұмыс орнын ашатын, құны 140,2 млрд. теңгеге 26 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 54,5 млрд. теңгеге 7 жоба ендігі пайдалануға берілді. Олардың қатарында, «ARM wind» ЖШС-нің «Бадамша-1» жел электр стансасының, «Көктас Ақтөбе» АҚ-ның құрылыс материалдары мен силикат кірпіш өндіретін зауытының, «Alina Holding» ЖШС-нің қаттты-ұнтақ толтырғыш шығаратын цехының, «Milker» ЖШС-нің құрама жем зауытының және т.б. құрылыстары бар. Инвестиция тарту жұмысы 2021 жылы да жалғасады, соның ішінде құны 150 млрд теңгеге 18 жоба жүзеге асырылуы есебінен 2 200 жұмыс орны ашылады»,- деді Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы пандемия кезінде шағын және орта бизнестің неғұрлым зардап шеккенін атап өтті. Соған байланысты өңірде осы саланы қолдау және әрі қарай дамыту сұрақтарына баса назар аударылғанын атап өтті. Атап айтқанда, 1300-ден аса шағын және орта бизнестің жүзеге асырылуына мемлекеттік қолдау көрестілді.
Ақтөбелік шаруалар 236,4 млрд теңгеге өнім өндірді.
Мемлекет басшысының жергілікті тауар өндірушілердің есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорт әлеуетін көтеру керектігі жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 түрі бойынша қосымша резерв құрылды. Бұл мақсатқа 300 млн теңге бөлінді. Облыс азық-түлік тауарларының 32 түрінің 24-імен қамтып отыр.