Ақтөбе облысының экономикасы қарқынды дамуда.

Ақтөбе облысының экономикасы қарқынды дамуда.
Ақтөбе облысының экономикасы қарқынды дамуда
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ өңірде іске асырылып жатқан жаңа жоғары технологиялық инвестициялық жобалар туралы баяндады.
Спикердің айтуынша, өңірде пандемия мен шектеу шараларына қарамастан барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсуі қамтамасыз етілген. Өнеркәсіп көлемі 100,1%, инвестициялар – 108,8%, ауыл шаруашылығы – 104,1%, құрылыс – 116,4%, тұрғын үйді пайдалануға беру - 103,6% құрады.
9 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 410 млрд.теңге инвестиция тартылды.
«Биыл өңірде 1 200 жұмыс орнын ашатын, құны 140,2 млрд. теңге болатын 26 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 54,5 млрд. теңгеге 7 жоба ендігі пайдалануға беріліп, 330 жұмыс орны құрылды.
Ірі жобалардың қатарында «ARM wind» ЖШС-нің «Бадамша-1» жел электр стансасының, «Көктас Ақтөбе» АҚ-ның құрылыс материалдары мен силикат кірпіш өндіретін зауытының, «Alina Holding» ЖШС-нің қатты-ұнтақ толтырғыш шығаратын цехының, контейнер (биг-бег), вагонның ішіне салуға арналған арнайы маталар мен жапқыштар шығаратын пішу цехының, «Геба» ЖШС-нің мұздатылған жартылай фабрикаттар шығаратын зауытының, «Milker» ЖШС-нің құрама жем зауытының құрылыстары бар. Инвестиция тарту жұмыстары 2021 жылы да жалғасатын болады. Соның ішінде 149,3 млрд. теңгеге 18 жоба жүзеге асырылып, 2 200-ден астам жұмыс орны құрылады»,- деді Оңдасын Оразалин.
Қарғалы ауданында құны 38 млрд.тг. болатын жел электр стансасының екінші кезегін, 15 млрд. теңге сомаға құрамында зиянды мұнайлы қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт, құны 3,7 млрд теңге болатын мобильді бұрғылау құрылғыларын шығаратын кәсіпорын, 2 млрд. теңгеге металл қаңқасын шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру жоспарланған.