Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің өндіріс пен инвестицияға әсері талқыланды

Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің өндіріс пен инвестицияға әсері талқыланды

ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі өнеркәсіптік нысандар мен «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты.

Сапардың басты мақсаты — жаңа Салық кодексінің нақты өндіріс секторына және инвестициялық тартымдылыққа әсерін бағалау болды.

Депутаттар «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты», «Зерде-Керамика Ақтөбе», «Казхром» ТҰК кәсіпорындарын аралады. Сенаторлар өндіріс орындарының қуатымен танысып, индустриялық кәсіпорындар алдында тұрған салықтық әкімшілендіру мәселелерін тікелей өндіріс алаңында талқылады.