
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен Астана ауданының әкімдігі Авиагородок шағын ауданында болып, бизнес өкілдерін алдағы жалпықалалық сенбілікке белсене қатысуға шақырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» науқаны аясында қаламызды абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, әрбір кәсіпкерлік нысаны өз іргелес аумағын қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне үлес қосуы тиіс.
«Біз кәсіпкерлерді тек тексеріс кезінде ғана емес, күнделікті тазалыққа жауапкершілікпен қарауға үндейміз. Баршаңызды жалпықалалық сенбілікке қатысып, туған қаламыздың жайлылығы мен тазалығы үшін бірге атсалысуға шақырамын», — деді Досжан Әлібеков.
Баршаңызды туған қаламызды таза әрі көрікті етуге үлес қосуға шақырамыз!