
Бүгін Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мамандары мен қызметкерлері жалпыұлттық «Таза Қазақстан» эко-акциясын қолдау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Басқарма ұжымы бекітілген аумақта санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және ұжымдық ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған.