Ақтөбеде «Nauryz Sale» республикалық акциясы қорытындыланды

Ақтөбеде «Nauryz Sale» республикалық акциясы қорытындыланды

«Наурызнама» онкүндігі аясында өткен «Nauryz Sale» акциясы Ақтөбе қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара барысында тұрғындарға сапалы тауарларды тиімді бағамен сатып алуға кеңінен мүмкіндік берілді.

Акция аясында отандық өнімдерге 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер жасалып, қазақстандық өндірушілердің арнайы аймақтары жұмыс істеді. Сондай-ақ, сауда орталықтары ұлттық нақышта безендіріліп, арнайы фотозоналар орнатылды.

13-23 наурыз аралығында өткен шараға қаланың 6 ірі нысаны («Анвар», «Дина» желілері, «KeruenCity», «Нұрдаулет», «City Shopping Center» және «Мега Шығыс») қатысты. Бұл бастама мереке күндері халықты қолдаумен қатар, отандық өндірісті нығайтуға бағытталды.