Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер қойнауын пайдалану лицензиясын қалай алуға болады?

КТПҚ өндіруге лицензия Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) енгізілген кен орындары бойынша беріледі.
Кен орнын МЖҚҚББ-на қосу үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (ҚР ӨҚМ) өтініш беріледі. МЖҚҚББ ҚР ИИДМ сайтында орналастырылған.
Кен орны МЖҚҚББ-на енгізілгеннен кейін өндіруге лицензия беруге Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы (КИИДБ) өтініш беріледі. Өтініш белгіленген нысан бойынша беріледі және өтініш беруші туралы мәліметтерді, координаттары мен алаңы бар кен орнының сипаттамасын және лицензия мерзімін қамтуға тиіс. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
2) картограмма, шолу схемасы, топоплан;
3) тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы;
4) жою жоспарының жобасы;
5) КТПҚ ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеп;
6) сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінде (оның бір бөлігінде) КСШ өндіретін жер қойнауын пайдаланушының келісімі;
7) өтініш берушіде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы (10 күн бұрын);
8) өтінім берілген жер қойнауы учаскесінде ҚПҚ ресурстарының жоқтығын растайтын «Батысқазжерқойнауы» Геология департаментінің қорытындысы.

Бизнесті ашу немесе дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

Мемлекеттік өтеусіз гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын кәсіпкерлерге беріледі.
 
Өтінім беру толық автоматтандырылған «Kezekte.kz» веб-платформасы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
 
Грант алудың міндетті шарттары:
 
1. Жобаны қоса қаржыландыру
Өтінім беруші жоба құнының жалпы сомасының кемінде 20%-ын өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыруы тиіс. Қоса қаржыландыру төмендегілер арқылы расталуы мүмкін:
•ақшалай қаражатпен (банк шотынан үзінді көшірме);
•мүлікпен (жылжымалы немесе жылжымайтын), оның бағалау құнын растайтын құжаттарды ұсыну арқылы.
 
2. Қаражатты мақсатты пайдалану және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
Грант қаражаты бекітілген бизнес-жоба аясында қатаң түрде мақсатты бағытта пайдаланылуы тиіс.
Барлық шығындар ресми құжаттармен расталады (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері, төлем тапсырмалары және т.б.).
Есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз нысанда — банк аударымдары немесе онлайн төлемдер арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны пайдалануға жол берілмейді.
 
3. Жаңа жұмыс орындарын құру
Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша кәсіпкер грант сомасы мен бағдарлама шарттарына байланысты кемінде 1–2 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға міндетті.