
Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Алибеков ферроқорытпа технологиялары саласындағы Қытайдың жетекші компанияларының бірі — «Сюйчжоу Хунъян Жаңа Материалдар Технологиясы» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудың ықтимал бағыттарын талқылады.