Өтінімдер электрондық форматта «Электрондық үкімет» порталы арқылы Kezekte.kz жүйесінде 2025 жылғы 20 - 27 қараша аралығында қабылданады. Осы мерзімнен кейін жолданған өтінімдер қарастырылмайды. Портал тәулік бойы жұмыс істейді.
Өз бизнесін ашуға мемлекеттік грантты қалай алуға болады — Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар әлеуметтік кәсіпкерлерге және "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын кәсіпкерлерге беріледі. Өтінім толығымен автоматтандырылған "Kezekte.kz" веб-платформасы арқылы беріледі.
Грант тек бизнес дамуына бағытталуы мүмкін, оның ішінде:
- Шикізат пен материалдар сатып алу;
• Өндірістік/сауда үй-жайларын жөндеу;
• Жаңа жабдық сатып алу (қолданыста болған жабдыққа жол берілмейді);
• Жаңа технологиялар сатып алу;
• Франшиза сатып алу;
• Зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ЗТКЖ) жүргізу.
Грант алудың міндетті шарттары
- Қаржылық қатысу (софинансирование): Жобаның жалпы сомасының кемінде 20% көлемінде өз қаражатын салу қажет.
- Мақсатты пайдалану және қолма-қол емес төлем: Барлық шығыстар ресми құжаттармен (чектер, актілер, шот-фактуралар) расталуы тиіс. Тек қолма-қол емес есеп айырысу – банк арқылы аударымдар, онлайн төлемдер, қолма-қол қаражатты қоспағанда.
- Жұмыс орындарын құру: Жобаны іске асырғаннан кейін, грант мөлшеріне және бағдарлама шарттарына байланысты, кемінде 1–2 жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс.
Қажетті құжаттар:
- Өтінім берген сәттегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама, өтініш берушінің қолы және мөрімен расталған;
- Бизнес-жобаны іске асыру шығындарын қаржыландырудың кемінде 20% мөлшерінде бірлесіп қаржыландырудың барын растайтын құжаттар — ақшалай түрде немесе жылжымалы/жылжымайтын мүлік түрінде — банк шотынан үзінді көшірме немесе мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар;
- Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген немесе «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасының финалисті екендігін растайтын құжат көшірмесі.
Жеке кабинетте тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:
- Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін — ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
- Заңды тұлғалар үшін — БСН, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ оның ЖСН-і;
- Байланыс деректері (пошталық мекенжай, телефон, электрондық пошта);
- Екінші деңгейлі банктегі банк шотының реквизиттері.
Грант алу үшін өтінімді қалай беруге болады
Өтінім толығымен автоматтандырылған веб-платформа арқылы беріледі. Веб-портал — бұл интернет желісінде орналастырылған ақпараттық жүйеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін интернет-ресурс, яғни іске асыру www.kezekte.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге келесі құжаттардың PDF форматындағы сканерленген көшірмелерін тіркейді:
- Өтінім берген сәттегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама, өтініш берушінің қолы және мөрімен расталған;
- Бизнес-жобаны іске асыру шығындарын қаржыландырудың кемінде 20% мөлшерінде бірлесіп қаржыландырудың барын растайтын құжаттар — банк шотынан үзінді көшірме немесе мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар;
- Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген немесе «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасының финалисті екендігін растайтын құжат көшірмесі.
Конкурс шарттары бойынша толық ақпаратты Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына келіп алуға болады.
Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (6-қабат, 657-кабинет).