Ақтөбеде «Plenitude Kazakhstan» компаниясының өңірлік жобалары талқыланды

Ақтөбеде «Plenitude Kazakhstan» компаниясының өңірлік жобалары талқыланды

Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Абдикаримов және облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Алибеков «Plenitude Kazakhstan» ЖШС-нің бас директоры Федерико Пульеземен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірде жүзеге асырылып жатқан компанияның ағымдағы қызметі мен жобаларын талқылады.

Жел электр станциясы — экологиялық таза әрі болашағы зор энергия көзі. Жоба желдің табиғи күші арқылы электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді, қоршаған ортаға зиян келтірмей, көміртек шығарындыларын азайтуға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Мұндай бастамалар өңірдің тұрақты дамуына, сондай-ақ еліміздің «жасыл экономикаға» көшу мақсаттарына елеулі үлес қосатыны атап өтілді.