
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысына 807,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (575,3 млрд тг, ИФО — 87,1%) физикалық көлем индексінің (ФКИ) 137,4% деңгейіне сәйкес келеді.
Инвестиция көлемі бойынша өңір елде 5-орында, ал өсім қарқыны (ФКИ 137,4%) бойынша 3-орында тұр.
Әсіресе өңдеу өнеркәсібі белсенді дамуда — бұл саладағы инвестициялар көлемі 2,2 есеге артқан.
Өңір экономикасындағы инвестиция үлесі 12,8%-дан 20,4%-ға дейін ұлғайып, Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен (13,3%) 7,1 пайыздық тармаққа жоғары болды.
Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы ел өңірлері арасында 4-орында.
Ақтөбе облысы инвестициялық өсім қарқыны бойынша өз позициясын сенімді түрде нығайтып келеді.