Жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бизнесті бақылау және қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі.
Биыл бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп күні» 25 қыркүйекте өпрокуратура, мемлекеттік және аумақтық органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.
Бизнес алдында Ақтөбе облысының прокуратурасының, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті басқармасының, Ақтөбе облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері сөз сөйледі.
Мәселен, Ақтөбе облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының ақпараты бойынша 2025 жылдың өткен кезеңінде Ақтөбе облысы бойынша 3 176 тексеру тағайындау туралы акт тіркелген (өткен жылғы ұқсас кезеңде 3 484 тексеру болған, сәйкесінше тексерістердің 9,7% пайызға төмендегені байқалады), жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты – 1 521 тексеріс (1921 -26% пайызға төмендеген), оның ішінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты – 2 061 (2537-23% төмендеген) тексеріс, 500 (647 - 29% төмендеген) – профилактикалық бақылау, нәтижесінде тексерулердің бір шама төмендегені байқалуда.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспары 88,3%-ға орындалған. Жыл бойы Департамент ірі салық төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру, камералдық бақылау жүргізу, талап-арыз жұмысы, салықтық берешекпен жұмыс және кедендік әкімшілендіру сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс атқарған. Бұл шаралар түсімдерді қамтамасыз етуге және өңірдегі салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, есепті кезеңде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау сұрақтары бойынша 161 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 139 өтініш қаралып, оның 66-сы оң шешімін тапқан, 22 өтініш қаралу үстінде.
Бұдан басқа, есеп беру барысында бизнес субъекттері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның «Камкор» КТ қатысушыларының кепіл мүлкінен шектеулерді алып тастаудан бас тартуы және Қарғалы тұрғын үй массивіндегі үй-жай үшін жалдау ақысы сияқты мәселелерді және басқа да мәселелерді көтерді.
Биыл аталған іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.