Өңірлердің тұрақты экономикалық өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі инвестициялар тарту, соның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей «мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы керек».
Сонымен, Ақтөбе облысының әкімдігі Сізді өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық бастамаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысқа шақырады (ОКЭД (С блогы): металлургия, машина жасау, химиялық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және басқа да салалар).
Бұл жұмыстың мақсаты — шетелдегі Қазақстан Республикасының елшіліктері арқылы әлеуетті шетелдік инвесторларға бағыттау үшін нақты инвестициялық ұсыныстарды («one pager» инвестициялық тизерлер форматында әзірленген күйде) қалыптастыру.
Осыған байланысты, перспективті жобалар портфелін қалыптастыру мақсатында жаңа өндірістер құру және/немесе қолданыстағы өндірістерді кеңейту бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестерді/инвесторларды іздеу бойынша ұсыныстарды бізге жолдауды сұраймыз.
Ұсыныстарды а.ж. 30 қыркүйекке дейін, қоса берілген формаға сәйкес, жобаның сипаттамасы, шығарылатын өнім, іске асыруға арналған алғышарттар (сату, маркетинг) және инвестициялардың құнын көрсетіп жолдауыңызды сұраймыз.
Кері байланыс үшін байланыс деректері:
Мұстапа Қасымхан, +7778 007 0494, upiiraktobe@yandex.kz