Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда China Datang компаниясының жел электр станциясын салу жобасын талқылады.
Аталған жобаны іске асыру өңірде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Ақтөбе облысы экономикасының орнықты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.