Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 2024 жылы күрделі жөндеуден өткен №5 гимназияның жаңа келбетімен, сондай-ақ білім ордасының оқу үрдісіне енгізілген заманауи әдістер мен алдағы даму жоспарларымен танысты.
⚡️Гимназия оқушылары аймақ басшысына әлемдік деңгейдегі «Codi Play» құрылғыларымен жұмыс жасап, робототехника және бағдарламалау бағытындағы өз жобаларын таныстырды.
📲«Codi Play» – әлемнің небәрі 13 елінде ғанаенгізілген EdTech саласындағы инновациялықстартап. Бұл жоба балаларға ойын арқылыбағдарламалау мен IoT (Интернет заттар) технологияларын меңгеруге, сондай-ақ инженерлікойлауға, логикалық шешімдер қабылдауға және заманауи технологияларды тиімді қолдануғамүмкіндік береді.
Бұл жоба аудан балалары үшін цифрлық білім беру саласындағы жаһандық трендтерге сәйкескелетін дағдыларды меңгеруге үлкен мүмкіндік береді.
🔸Сондай-ақ, өңір басшысына ERG компаниясының демеушілігімен жабдықталған инновациялық STEM және шығармашылық алаңдары таныстырылды:
📱«Codi Play» кабинеті – инновациялыққұрылғылармен жұмыс жасау жәнеробототехниканы меңгеру аймағы.
💡Creativity Studio – қыз балаларға арналғаншығармашылық шеберхана.
🔬Химия кабинеті – ғылыми тәжірибелержүргізуге арналған зертхана.
🔹Өз кезегінде облыс әкімі «Codi Play» және STEM зертханаларында көрсетілген жұмыстардың маңыздылына, тоқталып, «Заманауи білім беру технологиялары – болашақ ұрпақтың сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім алуына негіз болады. Бұл жоба – ауданбалалары үшін цифрлық білім беруді жаңа деңгейгекөтеретін маңызды қадам», – деп атап өтті.