📢 БАЛАҢЫЗДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ❗️

📢 БАЛАҢЫЗДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ❗️

📢 БАЛАҢЫЗДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ❗️

⚠️ Хромтау ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі хабарлайды.

🌡Климат ауысып күн жылына бастағаннан кейін тұрғын үйлерді желдету ішін терезелерді ашамыз. Алайда, ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытып кетесіз. Терезенің ашық қалуы нәтижесінде балалардың биіктіктен құлау фактісі жыл сайын артып отыр.

‼️Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде пайда болады. Пәтердегі терезелерді ашу және үй-жайды желдетер кезде, баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз. Себебі, балаларға терезенің артында болып жатқан тіршілік қызығырақ. Олар бәрін көріп, танығысы келеді.

🔽Терезеден құлау жағдайынан балаларды қалай сақтауымыз керек?

• Терезеден құлау оқиғаларына көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.
• Терезеге шықпауы үшін терезе маңында жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар.
• Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңіздер! Құлаған жағдайда олар қорғай алмайды! Керсінше олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды, алайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
• Мүмкіндік болса терезенің астынғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз.
• Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз.
• Егерде сіз балаңызға терезеден бірденелерді көрсеткен болсаңыз-балаңызды қатты ұстап, қимыл қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс әрекеттеріне дайын болыңыз, қолыңыз құрғақ болып, киімінен ұстамауға тырысыңыз.
• Егерде сіздің дәл казір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұрандаманы бұрауышпен алып тастап жоғары жаққа қойыңыз.
Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс.

📣Құрметті ата-аналар, балаңызды қараусыз қалдырмаңыз! Балаңыздың денсаулығын сақтаңыз!

@aqtobe_tjd