🔊️ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ЖОСПАРЛЫ ОҚУ - ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

🔊️ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ЖОСПАРЛЫ ОҚУ - ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

🔊️ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ЖОСПАРЛЫ ОҚУ - ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

▫️2024 жылдың 25 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Хромтау қаласында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі.

▫️Іс-шараның мақсаты - Хромтау аудандық терроризмге қарсы жедел штабының күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет етуін пысықтау мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болып табылады.

▫️Осыған байланысты, Хромтау қаласының тұрғындары мен қонақтарын оқу-жатығуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарап, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

❌Жалған және сенімсіз ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

©️Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Хромтау аудандық жедел штабы.

@hromtau_qalasynyn_akimdigi