⚜️СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

⚜️СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

⚜️СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

📣Құрметті, Хромтау ауданының тұрғындары мен қонақтары!

‼️Хромтау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

🔺Қауіпті аймақтарда су қоймалары мен су шайып кетуге бейім жерлерді мекендейтін тұрғындар аса сақтық танытқан жөн. Синоптиктер мен құтқару қызметтерінің хабарландыруларына құлақ асып, су тасқынына алдын ала дайын болулары қажет.

🔻Ол үшін:
- баспанаңыздың іргесі берік болуы үшін әрекет жасаңыз;
- судан құтқару құралдарын, құтқару жилеттері мен үрмелі қайық алып қойыңыз;
- үй маңындағы қарды аршып тұрыңыз, шатырларда қар жиналып қалмауын қадағалаңыз;
- арықтар мен жылғаларды, су ұстауы мүмкін жерлерді тазартып отырыңыз;
- су тез толатын орындардан, оның ішінде жертөлелерден мүліктеріңізбен азық-түлікті шығарып қойыңыз. Оларды құрғақ орындарда сақтаған дұрыс;
- үй жануарларыңыздың да қамын ертерек жасаңыз.

🧰Су басу қаупі төнгенде аса қажетті дүниелерді бір сөмкеге жинап, дайындап отырыңыз. Ол сөмке ішінде:
- қажетті заттар, құжаттар, дәрі-дәрмектер мен ақша болуы керек, оларды су өтпейтін тығыз материалға оралған жөн;
- сөмкеде ұзақ уақыт сақталатын азық-түлік болуы керек, герметикалық ыдысқа салынғаны дұрыс.

⚠️Эвакуация кезінде:
- электр жарығын және газды өшіріңіз;
- барлық есік-терезені жауып, қажетті заттарды алдын ала алып шыққан дұрыс.

📞СУ БАСУ ЖӘНЕ ШАЮ ҚАУПІ ТӨНГЕН ЖАҒДАЙДА
101 ЖӘНЕ 112 ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

@aqtobe_tjd