⚜️ АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

⚜️ АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

⚜️ АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

📌Қазақстан Республикасы Конституциясының, “Бала құқықтары туралы”, “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы” Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықтарына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқығы қорғалады.

❕Егер ата-аналар өз балаларына қамқорлық көрсетпесе және оларды тәрбиелеуге ешқандай қатыспайтын болса, онда оларды “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” ҚР Кодексіне сәйкес, келесі жағдайларда ата-ана құқықтарынан айырылады:

1. Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2. Өз баласын перзентханадан, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан және өзге де ұйымдардан алуға дәлелді себептерсіз бас тартса;
3. Өз ата-аналық құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4. Балаға қатал қараса, оның ішінде оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асырса, оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасаса;
5. Спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын және психотроптық заттарды көп мөлшерде қабылдаса.

🔸Ауданымызда 2022 жылы 1 жетім және 2 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала анықталса, 2023 жылы 10 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала анықталды. 7 бала «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына, 2 бала «Үміт» балалар үйне, 1 бала қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) орналастырылды. Қалған 7 балаға қатысты балаларды қорғаншылыққа немесе патронаттық тәрибеге алуға кандидат іздестірілуде. 1 балаға қатысты ата-аналық құқығынан айыруға сот процесі жүргізілуде.

❗️Сонымен қатар, сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігінде (Ата-ананың немесе басқа заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы) көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған ата-аналарға бірнеше айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@khromtau_bilim_bolimi