Достар, біз сіздерге Хромтауда «Туған қала Бірлестік» атты бірегей жобасының іске қосылғаны туралы жаңалықты қуана хабарлаймыз!

Достар, біз сіздерге Хромтауда «Туған қала Бірлестік» атты бірегей жобасының іске қосылғаны туралы жаңалықты қуана хабарлаймыз!

Достар, біз сіздерге Хромтауда «Туған қала Бірлестік» атты бірегей жобасының іске қосылғаны туралы жаңалықты қуана хабарлаймыз!

 

Бұл қандай жоба? «Туған қала Бірлестік» «Туған қала» жобасының сәтті идеясының жалғасы болып табылады және ERG қолдауымен жүзеге асырылуда. Ол бізге негізгі қалалық инфрақұрылымды дамытуға белсенді қатысу мүмкіндігін ұсынады. Алдыңғы жобадан айырмашылығы, мұнда біз қалалық белсенділердің үлкен қауымдастығында сәулетшілер мен дизайнерлермен сауалнамаларға, талқылауларға және ынтымақтастыққа қатыса аламыз. Және барлық кезеңдерден кейін біз өзіміздің ұнаған орнымызға дауыс беру мүмкіндігіне ие боламыз. Ең қызығы, ең көп дауыс жинаған орын 100 миллион теңгеге дейін қаржыландыру алады!

Қазірдің өзінде екі сауалнама аяқталды, оған қаламыздың 500-ден астам тұрғыны қатысты. Ал ұсынылған 8 орынның ішінде ТОП-3-ке мыналар енді:

 

1️⃣ Абай 5/2 мен Есет батыр 5а арасында «Ескі балалар қалашығы» орналасқан жері.

2️⃣ Орталық саябақтағы орын.

3️⃣  Абай даңғылынан  М.Әуезов көшесіне дейінгі Ағайынды Жұбановтар көшесінің бойы

 

Біз бұл орындардың қаланы дамыту және жақсарту үшін үлкен әлеуеті бар деп есептейміз.

21 қазанда Хромтау қаласының белсенді тұрғындарымен алғашқы бетпе-бет талқылау болып, әр жердің дизайны мен егжей-тегжейлерін пысықтадық. Қызу пікірталастар жүргізілді, нәтижесінде орындар туралы алғашқы жалпылама көзқарас қалыптасты:

Ескі балалар қалашығы «балалық шағыңыз өткен жерге» айналуы керек. Бұл мүсіндер мен ағаштан жасалған кіреберіс доғасы (арка) бар, жеңіл тамақтану алаңымен және ойын нысандары мен сахнасы бар белсенді отбасылық демалыс орны болады.

Орталық саябақтағы орын, қатысушылардың пікірінше, Хромтаудың кенші болмысын айшықтауы қажет. Мұнда олар жаңа өнер нысанын – үлкен шахтер дулығасын орнатуды ұсынады. Сондай-ақ бүкіл саябақты инфрақұрылымдық нысандармен қамтамасыз ету ұсынылады, мысалы, ана мен бала бөлмесі, жылы дәретхана.

Ағайынды Жұбановтар көшесінің бойында орналасқан жер демалыс пен серуендеу орнына айналады. Мұнда жұмыстан кейін немесе демалыс күндері шулы ойын алаңдарынан және орталық серуендеу орындарынан жырақта уақыт  өткізуге болады.Қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз және келесі талқылау үшін 2023 жылдың 4 қарашасында сізді күтеміз.

Қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз және келесі талқылау үшін 2023 жылдың 4 қарашасында біз сізді күтеміз.