Жайылымдық жерлер бойынша

Жайылымдық жерлер бойынша

Халықпен кездесу нәтижесінде ауылдық округтерде жеке ауладан мал жаюда жайылымдарға қажеттілік байқалатыны анықталды.

Жекелеген ауылдық округтерде шаруа қожалықтардың жерлері елді мекеннің жерлерімен іргелес (ауылдардан 1-2 км қашықтықта), ал кейбір ауылдарда халықтың жайылымдық жерлері тіпті 30-40 км қашықтықта орналасқан.

01.01.2022 жылдан бастап жер заңнамасына жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылым алқаптарына халық мұқтажын қанағаттандыру үшін жер учаскелері айрықша жағдайларда мәжбүрлеп иеліктен шығарылады делінген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде аудан әкімдігінің 14.04.2022 жылғы №88 қаулысымен Бөгетсай ауыл тұрғындарының жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылым алқаптарына халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін қажетті 2 шаруа қожалығынан 1 849 га жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылды.

Нәтижесінде аталған елді-мекеннің жайылым алқаптары кеңейтіліп, жеке ауладан мал жаюда жайылымдарға қажеттілік шешілді.

Аталған жұмыстар басқа ауылдық округтер бойынша жалғасуда.

Сонымен қатар, талдау барысында көлік инфрақұрылымы объектілерінің бойында орналасқан жалпы ауданы 9,8 гектар коммерциялық мақсаттағы 11 жер учаскесі аудан жерлерінің босалқы қорына қайтарылды.

Аталған жер учаскелері нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, ұзақ уақыт бойы игерілмеген.

 

 

Хромтау

ауданының прокуратурасы