«2022 жылға Хромтау ауданындағы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының БАСПА-РЕЛИЗІ

«2022 жылға Хромтау ауданындағы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  қаулысының БАСПА-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және  Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес нормативтік құқықтық акті қабылданады:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан  Республикасы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»  Заңының 31-бабының 1) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту  туралы» Заңының  27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, және  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2016 жылғы  13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін  жұмыс орындарын квотолау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес,  Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Хромтау ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде, мүгедектер үшiн қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота:

1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш  пайызы мөлшерінде;

3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

  1. «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

     1)  осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

     2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды  қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қабылға жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 «2022 жылға Хромтау ауданындағы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  қаулысының жобасы e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында порталында 26 қазан 2021 жылы орналстырылған. Жария талқылау мерзімі 2021 жылдың 09 қарашада  аяқталады. Есептемені  қарау 28  бірлік, пікір -5.