«2022 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының БАСПА-РЕЛИЗІ

«2022 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша ата-анасынан  кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  білім беру ұйымдарының түлектері  болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін  жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының  БАСПА-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және  Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес нормативтік құқықтық акті қабылданады:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына,  27  бабының 1 тармағының 4) тармақшасына  және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»,  Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды  қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қабылға жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

«2022 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  білім беру ұйымдарының түлектері  болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін  жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының  жобасы e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 26 қазан  2021 жылы орналстырылған. Жария талқылау мерзімі 2021 жылдың 09 қарашала  аяқталады. Есептемені  қарау 22  бірлік, пікір -1.