Алаяқтардан абай болыңыз!!!

Алаяқтардан абай болыңыз!!!

Құрметті Хромтау ауданының тұрғындары!
Соңғы кезеңдерде аумақта алаяқтықтар, яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыру деректері көбеюде.
Мысалға, Хромтау қаласының тұрғыны аз-т К. «Колеса» жарнама сайтынан «Лада-Приора» көлігін таңдап, телефон арқылы оны алатын болып келісіп, сатушының ұсынуы бойынша алдын ала төлем ретінде 340 мың теңге «Qiwi»-кошелек арқылы аударып жіберген. Кейін бұл жарнама жалған болып шығып, ақшасы қайтарусыз қалды.
Осыған ұқсас, Хромтау қаласының тұрғыны аз-т Ж. белгісіз адам қоңырау шалып, өзін «Еуразиялық банк» қызметкері ретінде жалған таныстырып, алдау арқылы банкомат карточкасының ПИН және CVV-кодтары туралы мәліметтерін алып, есеп-шотынан 201 мың теңге қаражатын шешіп алған.
Алаяқтықтардың кең таралған әдістерінің ішінде:
- өзінің банк карточкасын жоғалғаны туралы алдап, банк карточкасы және СМС-код мәліметтерін алу арқылы;
- интернет-дүкендер немесе жарнама сайттар арқылы алдын-ала төлем жасаумен арзандатылған бағамен заттарды ұсыну;
- бөгде тұлғалардың жеке куәлік және банк карточкасы арқылы онлайн-кредит рәсімдеп беру;
- ақшаны салу арқылы тез арада байыту туралы уәде беру.
Осыған байланысты, осы мазмұндағы ұсыныстар түскен жағдайларда мұқият тұлғалардың жеке бастарын анықтап, кеңестер алып, «102» телефонына хабарлау қажет.