Кәсіпкерлердің назарына!

Кәсіпкерлердің назарына!

Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында нақты көрсетілген.

Жолдауға сәйкес, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің өтініштерін қарау прокуратура органдарына жүктелді.

Сонымен қатар, Бас прокуратураның бастамасымен прокурорлық қадағалауды азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешуге сапалы түрде қайта бағдарлау мақсатында заңнамалық шаралар қабылданып, 2021 жылдың 2 шiлдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Аталған Заңмен бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге түзету енгізілді, соның ішінде 04.09.2021 жылдан бастап «Прокуратура туралы» Заңына өзгерістер күшіне енді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша арыз-шағымдарды прокуратура органдары қарауға міндетті екенін жеткіземіз.

Осыған орай, мемлекеттік органдардың тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен қызметіне кедергі жасау фактілері орын алған жағдайда кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Хромтау ауданының прокуратурасына тікелей арыздануға болады.

Сондай- ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудан прокуратурасымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп мобильді топ құрылды.

Мобильді топ бойынша аудан прокуратурасының және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының сенім телефондары белгіленді. Аудан прокуратурасының сенім телефондары 24/7 режимінде жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мобильді топқа 13 сигнал түсіп,                                      2 прокурорлық ден қою актісі енгізілді. Жалпы аудан прокуратурасымен                                 50 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Талдаумен мемлекеттік сатып алу бойынша шарт негізінде жұмыстарды орындаған 47 кәсіпкерлік субъектілеріне өтінімді қамтамасыз ету қаражатын қайтармау деректері анықталды.

Бұл бойынша ұсыну енгізіліп, 47 кәсіпкерге 9 млн теңге қаражат қайтарылды.

Құрметті Хромтау ауданының кәсіпкерлері! Мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша аудан прокуратурасына және кәсіпкерлер Палатасына хабарлауды сұраймыз.

 

 

Аудан прокуратурасы: +7-(71336)-2-12-37, +7-(701)-346-66-34.

 

Кәсіпкерлер Палатасы: +7-(71336)-5-90-56,+7-(771)-290-20-29

 

 

     Хромтау ауданының прокуратурасы