Қаланы дамыту жобаларына дауыс беріңіз!

Қаланы дамыту жобаларына дауыс беріңіз!

Қаланы дамыту жобаларына дауыс беріңіз!

19 шілдеде «Берекелі бастама» қалалық инфрақұрылымын дамыту жобасы бойынша дауыс беру басталды.
Хромтау қаласының 18 жастан асқан кез-келген тұрғыны 18 тамызға дейін budget-uchastiya.kz порталындағы көңілінен шыққан жобаны таңдап, дауыс бере алады. Ол үшін сізге SMS-код пен ЖСН арқылы тексеруден өтіп, көрсетілген порталға тіркелу қажет. Сіз өзіңізге ұнайтын бір жоба үшін ғана дауыс бере аласыз.
«Берекелі бастама» жобасы екінші жыл қатарынан Хромтау қаласында жергілікті әкімдіктің қолдауымен Дөң тау-кен байыту комбинаты («Казхром» ТҰК» АҚ филиалы, Еуразиялық топтың (ERG) құрамына кіреді) жүзеге асырады. ERG компаниясы 2022 жылы жеңіске жеткен жобаларды қаржыландыруға 60 миллион теңге бөледі. Өткен жылы дауыс беруге қатысқан 21 жобаның 13-і қаржыландыруға ие болды. Қазіргі уақытта бір жоба жүзеге асырылды, ол - Мұхтар Әуезов көшесіндегі Абай Құнанбаев атындағы аялдама, қалған жобалардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.
Биылғы жылдың 5 сәуірі мен 5 мамырының аралығында қала тұрғындары 71 жобалық ұсыныс жолдады. Жобалық сессияның қорытындысы бойынша әкімдіктің, компанияның және белсенді тұрғындардың өкілдерінің Сараптамалық кеңесі 20 автордың 27 жобасын дауыс беру кезеңіне жолдама берді.
«Бір жобалық ұсыныстың артында көзқарастары сай келетін, бірнеше адамдардан құрылған команда тұр. Әр авторлық топ дауыс беру кезеңіне дейін орасан зор жұмыс атқарды. Командалар өздерінің идеяларын өте жоғары бағалайды, демек олардың жобалары қала мен азаматтарға неғұрлым пайдалы болады», - дейді жоба орталығының жетекшісі Нұрлан Хасанов.
Дауыс беруге ұсынылған бастамалардың қатарында мектеп аумағын абаттандыру, балалар аулалары мен спорт алаңдарын салу және жаңарту, жарықтандыру және жаяу жүргіншілер аймақтарын, велотұрақтар, автоқалашықтар және басқаларын орнату жобалары бар.
Дауыс беру кезеңі 18 тамызда аяқталады.