2021 жылдың 21 шілдесінде Ақжар ауылында №447 сайлау учаскесінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен семинар өтті.
№ 447,448,449 сайлау учаскесінің барлық мүшелері қатысты.
Семинар жұмысы барысында Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Сағымбаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша 113-1, 113-11-баптармен қарастырылған толық түсіндірме берді.
Сайлау комиссияларының қатысқан мүшелері қатысушылардың алдында дауыс беру күнін өткізді. Барлығы жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті.