Семинар №460, №461

Семинар №460, №461

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Қопа ауылында Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен №460 сайлау учаскесінде семинар өтті. Қатысқандар: №460, №461 сайлау учаскесінің мүшелері, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және орынбасары.

Семинар жұмысы барысында Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Сағымбаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 113-1, 113-11-баптарда көзделген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлануы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ал аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж. М. Уркенова қатысушыларға сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беруге арналған пунктті жабдықтау жөнінде нұсқаулық берді, сондай-ақ дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу және осы №460 сайлау учаскесінің дайындығы туралы айтып берді.

№460 сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері қатысушылардың алдында дауыс беру күнін өткізді.

Семинарға қатысушылар қойылған барлық сұрақтарға толық жауап алды.