2021 жылдың 5 сәуірінен бастап (Ақтөбе облысы) Хромтау қаласында «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы басталады.

2021 жылдың 5 сәуірінен бастап (Ақтөбе  облысы) Хромтау қаласында «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы басталады.

2021 жылдың 5 сәуірінен бастап (Ақтөбе  облысы) Хромтау қаласында «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы басталады. Ол Хромтау тұрғындарын Eurasian Resources Group (ERG) қаржыландыратын жобаларды таңдауға шақыруға  бағытталған.

Бастама инфрақұрылым нысандарын қалай құру және дамыту туралы бірлесіп жұмыс жасау үшін тұрғындарды, әкімдікті және қала құраушы кәсіпорын –Дөң тау-кен байыту комбинатын біріктіреді. 

Еске салсақ, бұл жоба Хромтау қаласында екінші жыл өткелі жатыр. 2020 жылы «Қатысу бюджеті» атауымен жүргізілсе, осы жылдан бастап «Берекелi бастама - Городская инициатива» деп аталды. Жобаның атауы өзгергенімен, қатысушылар үшін шарттары мен ережелері сол қалпында қалды.

Хромтаудағы қалалық бастама тұрғындарға инфрақұрылым нысандарының қандай және қай жерде пайда болу керектігін өздері анықтауға мүмкіндік береді. Хромтаулықтар алдымен идеяларын ұсынып, нысандардың сыртқы түрі мен функционалдығын жобалайды. Содан кейін ең үздік жобаға дауыс береді. Жеңімпаз жобаларды ERG құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты қаржыландыратын болады және 2022 жылы әкімдікпен жүзеге асырылады. Ол үшін Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG арасындағы Меморандумға жыл сайын 60 млн. қаражат бөлінеді.

«Қалалық бастаманы» жүзеге асыру жаңа нысандар құруға және   инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп қана қоймайды. Сонымен қоса, туған қаланы көркейту мақсатында  бірлескен іс тұрғындардың болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастырып, кәсіп пен әкімдікті бір арнаға тоғыстырады.

Бұл механизмді ERG Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан «туған қалаларда» 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «ERG қаласы» жобасы аясында сынап көрген.

Хромтау қаласында бұл бастаманы Жобалау орталығы үйлестіреді. Ал ұсынылған өтінімдерді сарапшылар кеңесі талдайды. Оның құрамына Хромтау ауданының әкімдігі, Дөң ТКБК, ERG мен сыртқы сарапшылар жұмылдырылған.

Қала тұрғындары көтерген бастамалар туралы толымды ақпарат алып, үздік жобаларға арнайы порталда дауыс беруге болады http://budget-uchastiya.kz/

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерден біздің жаңалықтарымызға көз жүгірте жүріңіздер: budget_uchastiya

 

Қосымша ақпарат үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:

Казбаева Таншолпан

М: +7 701 521 00 61

Е: t.kazbaeva@mail.ru

 

Анықтама

Қатысу бюджеті (бастамалық бюджеттеу, партисипаторлық бюджеттеу) – жергілікті бюджет қаражатын үлестіруге тұрғындардың қатысуы. Алғаш рет мұндай тәжірибе Бразилияда, сонау 1989 жылы Порту-Алегри қаласында алғаш рет пайда болған. Содан бері әлемнің әр қиырында қатысу бюджеті арқылы 1,5 мыңнан астам жоба жүзеге асты. Ал Қазақстан аумағында алғаш рет бұл бастама 2019 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданында пайдаланылды.

 

 

Жоба серіктестері:

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Eurasian Resources Group (ERG) – кәсіпорындары қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде. Компания өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. 2019 жылы Eurasian Resources Group Қазақстандағы өз бизнесінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті, ал Люксембургтегі басқарушы компанияның бас офисіне 5 жыл толды.

Бүгінде ERG жоғары көміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service.

 

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Агенттігі» қоғамдық қоры

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында 1996 жылы 26 ақпанда ресми тіркелген. Ұйымның миссиясы  – Қазақстандағы демократиялық және экономикалық реформалардың дамуына септесу. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Агенттігінің мақсаты – шағын және орта кәсіпорындардың даму қарқынына дем беру. Әрі Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдардың дамуына нақты қолдау көрсету.

Агенттік құрылғалы бері 100-ден астам түрлі жобалар мен бағдарламалар іске асырылып, 2000-нан астам тренингтер мен семинарлар өткізілді. 1000-нан астам бизнес-жоспар түзіліп, маркетингтік зерттеу жүргізілді.

Түрлі кезеңдерде USAID, Евразия қоры, Каунтерпарт Консорциум, Қазақстан Республикасындағы халықаралық «ICNL» коммерциялық емес құқық қоры сияқты беделді халықаралық ұйымдар мен қорлар Агенттіктің серіктесі атанды. Бұл қатарда Еуропалық Одақ, TACIS бағдарламасы, Сорос қоры, дамушы елдермен әріптестік жөніндегі Нидерланд гуманитарлық институтының «HIVOS» бағдарламасы бар. «Бота» қоры, БҰҰ Даму бағдарламасы, Жаһандық экологиялық қордың ықшам гранттар бағдарламасы және тағы басқаларды атап айтуға болады. Негізгі серіктестер қатарында әлбетте мемлекеттік ұйымдар, бірінші кезекте Ақтөбе өңірінің облыстық және аудандық әкімдіктері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бар.  

 

 

Ассоциацией друзей Тель-Авивского университета в Республике Казахстан

АД ТАУ в РК занимается развитием социальных инноваций в Казахстане через лучшие практики Израиля. Проекты направлены на улучшение социальной среды в Республике Казахстан, на развитие предпринимательского образования, социального предпринимательства и социального новаторства через системный, интегрированный, институциональный подход к этим понятиям, который адаптирован под современные реалии Казахстана.

 

Тель-Авив университетінің Қазақстан Республикасындағы достары қауымдастығы

Тель-Авив университетінің ҚР-дағы достары қауымдастығы Израилдің озық тәжіриелері арқылы Қазақстанда әлеуметтік инновацияларды дамытумен шұғылданады. Қолға алған жобалары Қазақстан Республикасында әлеуметтік ортаны жақсарту, кәсіпкерлік бағытта білім беруді дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлік пен әлеуметтік новаторлықты дамутаға бағытталған. Бұл тұрғыда жүйелі, интеграцияланған әрі институцианалды көзқарас ұстана отырып, оны Қазақстандағы ахуалға барынша бейімдеген.

 

 

ЛОНИ – «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру зертханасы» автономды коммерциялық емес ұйым (Ресей, Башқұртыстан Республикасы)

ЛОНИ шешім қабылдауға тұрғындарды барынша молынан жұмылдырудың теңдессіз әдістемесіне негізделген жобалардың бастамасышы болып, жүзеге асырады. Негізгі қызмет салалалары: бастамашыл бюджеттеу, әлеуметтік жауапкершілік, білім беру, экономикалық және әлеуметтік консалтинг. Қазіргі таңда ЛОНИ 38 жобаны жүзеге асырып, компаниялар мен билік органдарына 5 даму бағдарламасын әзірлеп іске асырып жатқан Ресейдің 7 өлкесінде өкілдігі бар  сарапшылар қауымдастығы (50 ден астам сарапшы).