Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-біздің ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-біздің ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін ең қауіпті және кең таралған әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызылады. 

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерде үлкен көңіл бөлінуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу мақсаты мемлекеттік саясат туралы көптеген құжаттарда, оның ішінде Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында бекітілген.

Мемлекет басшысының талаптарына сәйкес прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлкен мән береді.

Прокуратураның осы саладағы қадағалау қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алуға, олардың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған.

Осы жұмыс аясында прокуратура органдары құқық қорғау қызметінің Үйлестіру функциясының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар прокуратура органдары өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау және прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру бойынша профилактикалық шаралар қабылдауда.

Тек күш біріктіре отырып, әлеуметтік зұлымдық - жемқорлықты жеңе аламыз.

 

Хромтау ауданының прокуратурасы