Хромтау аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы

Хромтау аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

хабарламасы

 

Хромтау аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы

 

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізімдеріне 30249 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 22066 адам немесе 72,9 процентті алды.

Дауыс беруге 21728 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 22 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 358 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:

Қазақстан Халық партиясы - 1853 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  8,66 проценті;

«Nur Otan» партиясы – 15906 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 74,34 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы  - 1806 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,44 проценті;

«ADAL» саяси партиясы - 1832 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,56 проценті;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды төмендегіше бөлінгені белгіленді:

Қазақстан Халық партиясы - 1 мандат;

«NurOtan» партиясы - 9 мандат;

«Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 1 мандат;

«ADAL» партиясы - 1 мандат.

  

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы