ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС – ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС – ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚҰРМЕТ

12 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Хромтау ауданында кезекті сенбілік өтті.

Тазалық жұмыстарына мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары және аудан тұрғындары мен жастары белсенді қатысты. Сенбілік барысында қоғамдық орындар, көше бойлары мен аулалар қоқыстан тазартылып, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық – туған жерге деген жанашырлық пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір тұрғынның үлесі ауданымыздың көркейіп, таза болуына ықпал етеді.

Таза Хромтау – өзімізден басталады!

#ТазаҚазақстан #ТазаХромтау #ХромтауАуданы #Сенбілік