ҚҰДЫҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

ҚҰДЫҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 7 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша Құдықсай ауылдық округінің әкімі болып Мұрат Асқарұлы Талдықбаев сайланды.

Мұрат Асқарұлы 1989 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді маман, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2011 жылы Құдықсай негізгі мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының міндетін атқарушы лауазымдарын абыроймен атқарды.

Қызмет жолында кәсіби біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және жауапкершілігімен танылып, педагог-сарапшы санатын иеленді.

Сайлауға дейін Құдықсай негізгі мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Құдықсай ауылдық округінің жаңа әкіміне жауапты қызметінде табыс тілейміз!