ХРОМТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ХРОМТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Хромтау ауданы әкімінің өкімімен Мұстапа Қасымхан Жарасқанұлы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қасымхан Жарасқанұлы 1994 жылы дүниеге келген.

 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 Еңбек жолын 2016 жылы Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында іс жүргізуші инспектор болып бастаған.
2016-2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында инвестициялар және жер қойнауын пайдалану салалары бойынша бас маман қызметтерін атқарды.

 2019-2023 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында өңірлік даму, сыртқы байланыстар және хаттама, ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бағыттарында бас маман және бас инспектор лауазымдарында еңбек етті.
2023-2025 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы болды.

 2025 жылы Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдан 2026 жылдың маусым айына дейін Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Мұстапа Қасымхан Жарасқанұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз!

Жауапты қызметіне сәттілік, бастамаларына береке, алдағы жұмысына толағай табыс тілейміз!