ТАБАНТАЛДА ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТАБАНТАЛДА ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумуратов Табантал ауылдық округінің тұрғындарымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Табантал ауылында орталық саябақ абаттандырылып, кіреберіс жолдарға жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ су жүйесіндегі тозығы жеткен бағаналар жаңартылып, бейнебақылау камералары орнатылды.

Әлеуметтік сала бағытында екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы толық аяқталды.

2026 жылға жоспарланған жұмыстар аясында ауылішілік жолдарды асфальттау және ішкі көпір бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу көзделген.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан электр желілерін жаңарту, су жүйесін жақсарту және шаруашылық нысандарын электрмен қамтуға қатысты ұсыныстар айтылды.

 Барлық көтерілген мәселелер тиісті сала мамандарының бақылауына алынып, кезең-кезеңімен қарастырылатыны жеткізілді.