Балалардың шат күлкісі, әсем әні, мың бұралған биі мен спорттық жарыстардағы жеңіске деген жігері. Хромтауда Халықаралық балаларды қорғау күні осындай көтеріңкі көңіл-күймен аталып өтті.
Мерекелік бағдарлама Мәдениет үйінде өткен «Балалық шақ – бақытты әлем» атты концерттік кешпен жалғасты. Салтанатты шара балалар музыка мектебінің қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы күйлермен ашылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Концертке ауданның білім беру ұйымдары, балабақшалар мен шығармашылық ұжымдардың тәрбиеленушілері қатысты. Жас өнерпаздар туған жер, достық, бақытты балалық шақ туралы әндер орындап, түрлі би қойылымдарын ұсынды.
