ТЕРЕК ТҮБІТІ — ЗИЯНСЫЗ «ЖАЗҒЫ БҰЛТ» ЕМЕС

ТЕРЕК ТҮБІТІ — ЗИЯНСЫЗ «ЖАЗҒЫ БҰЛТ» ЕМЕС
Күннің ысуы мен теректің гүлдеу кезеңі басталғанда өрт шығу қаупі күрт артады. Терек түбіті тіпті кішкентай ұшқыннан немесе сөндірілмеген темекі тұқылынан бірден тұтанады.

 Түбіттегі өрт өте жылдам таралады:
— құрғақ шөп пен қоқыс жанады;
— автокөліктер мен ғимараттарға қауіп төнеді;
— балалар алаңдары мен аулалардың маңында аса қауіпті.

ТЖД ескертеді:
түбітті ермек үшін өртемеңіз;
 сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз;
 құрғақ өсімдіктердің жанында от жақпаңыз.

 Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Қауіпсіздік — әр адамның жауапкершілігінен басталады!