
«Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу – жергілікті тұрғындар үшін өз ісін дамытып, өнімін нарыққа шығарудың бірегей мүмкіндігі.
Жоба жергілікті шикізатты пайдаланып, ұлттық дәстүрге негізделген ерекше өнім шығаратын кәсіпкерлерге арналған. Қатысушылар қатарында тағам өндірушілер, қолөнершілер, шағын өндіріс иелері және өз ісін бастауға ниетті азаматтар бола алады.
Жоба аясында қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі: кеңес беру, өнімді жетілдіру, қаптамасын жақсарту және нарыққа бейімдеу бойынша көмек беріледі. Кейін өнімдер аудандық/өңірлік көрмеде ұсынылып, сарапшылар тарапынан бағаланады.
Үздік жобалар іріктеліп, келесі кезеңге өтеді. Финалистер мемлекеттік гранттарға үміткер болуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар қатысушылар оқыту курстарынан өтіп, өз өнімдерін дамыту, бренд қалыптастыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында тәжірибе жинақтайды.
Өтінім қабылдау басталды!
Хромтау ауданы бойынша өтінімдер кәсіпкерлікті дамытуға жауапты мекеме арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
+7 776 908 1996
+7 775 194 7545