
Хромтау ауданында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз мүмкіндіктер» атты EDU FEST фестивалі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында инклюзивті білім беруді дамыту, заманауи тәсілдерді енгізу және тәжірибе алмасу бағытында бірқатар мазмұнды кездесулер өтті. Фестиваль аясында түрлі алаңдар жұмыс істеп, қатысушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Шараға аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева, педагогтер мен ата-аналар қатысып, инклюзивті ортаны дамыту мәселелеріне назар аударды.
Фестивальдің жабылу салтанаты мәдениет үйінде өтіп, жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, білім саласына үлес қосқан ұстаздар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Аталған іс-шара инклюзивті білім беруді қолдауға және әр баланың әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.