
Іссапар аясында аудан активімен кеңейтілген кездесу өтті. Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Ринат Мұратұлы баяндама жасап, өңірдегі криминогендік ахуал, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы жан-жақты мәлімет берді.
Кездесуде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды азайту мәселелері кеңінен талқыланды. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарын жолдады.
Жиын қорытындысында өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ішкі істер органдарымен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға қосқан үлесі үшін аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы Алғыс хатпен марапатталды. Бұл қадам жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдары арасындағы үйлесімді жұмыстың нәтижесін айқындай түсті.