Брифинг спикері: Ергазин Нұржан Карымсакович,
Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
2025 жылы Хромтау ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 721,8 млрд теңгені құрап, негізгі үлесті тау-кен өнеркәсібі алды.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 26,2 млрд теңгеге жетіп, су және электрмен жабдықтау салаларында оң өсім байқалды.
2025 жылы аудан экономикасына 340 млрд теңге инвестиция тартылып, оның 35%-ын шетелдік инвестициялар құрап, нәтижесінде 153 жаңа жұмыс орны құрылды.
Қытай Халық Республикасының компанияларымен жалпы қуаттылығы 400 МВт болатын жел электр станцияларын салу бойынша ірі инвестициялық келісімдерге қол қойылды.
Хромтау қаласында жалпы аумағы 150 гектарды қамтитын республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құрылып, инфрақұрылымдық жобалық құжаттамалар әзірленуде.
2025 жылы шағын және орта бизнеске 4,3 млрд теңгеге 104 жоба қолдау көрсетіліп, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,6%-ға жетті.
Кәсіпкерлерге салық мөлшерлемесін төмендету, жеңілдетілген несиелер мен өңірлік бағдарламалар арқылы мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілді.
Алдағы кезеңде негізгі басымдық жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды қайта жандандыруға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталатын болады.
