ДӨҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ДӨҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 8 ақпанда өткен сайлау нәтижесі бойынша Аққұлов Ербол Ізбасқанұлы Дөң ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Бұл шешім «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес қабылданды.

Аққұлов Ербол Ізбасқанұлы 1980 жылғы 13 мамырда Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Кенсахара ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы бойынша,
2023 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қызылқайын ауылындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2004–2018 жж. – Оңғар орта мектебінің директоры
2018 ж. ақпан–мамыр – Дөң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
2018–2026 жж. – Дөң ауылдық округінің әкімі

Жалпы еңбек өтілі – 26 жылдан астам, мемлекеттік қызметтегі өтілі – 7 жылдан астам.

Ербол Ізбасқанұлына жауапты қызметінде табыс тілейміз. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстары нәтижелі болады деп сенім білдіреміз.