Хромтау қаласында футзалдан Қазақстан Республикасы Бірінші лига чемпионатының 8, 9 және 10-тур ойындары өз мәресіне жетті. Тур аясындағы маңызды кездесулердің бірінде «Хромтау» командасы «Қызылорда» клубын 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Ойын барысында жерлес спортшылар жоғары қарқын мен ұйымшылдық танытып, жанкүйерлеріне нәтижелі ойын сыйлады.
Матчтағы гол авторлары:
• Қобландин Назарбай
• Абатай Әлім
• Тыныштықбай Ақжол
Команда ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамы кәсіби шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
Жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Сонымен қатар тур ойындарына қатысқан барлық командаларға тартысты ойындары үшін алғыс білдіреміз.
