КӘСІБИ ФУТБОЛ ХРОМТАУҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

КӘСІБИ ФУТБОЛ ХРОМТАУҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Ұзақ жылдардан кейін кәсіби футбол кенді өлке Хромтауға қайта оралды. Бұл - аудан тұрғындары мен жанкүйерлер үшін маңызды әрі қуанышты жаңалық. Хромтаулық жанкүйерлердің футболға деген қызығушылығы мен сағынышы бүгінгі ойын барысында айқын байқалды.

Айта кетейік, жергілікті кәсіби команда 2008 жылы алаңдағы мансабын аяқтаған еді. Араға жылдар салып, кәсіби деңгейдегі футбол матчтарының қайта жандануы аудан спортының дамуына тың серпін беріп отыр.

Қазіргі таңда Хромтауда футзалдан Қазақстан Республикасының бірінші лига ойындары өтіп жатыр. Аталған теңбіл доп додасында HROMTAU командасы MAKAT командасымен кездесіп, тартысты өткен ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл нәтиже - жергілікті команданың әлеуетін көрсететін маңызды көрсеткіш әрі бұқаралық және кәсіби спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Алдағы уақытта да HROMTAU командасы аудан абыройын асқақтатып, жанкүйерлерді жаңа жеңістермен қуантатынына сенім мол.